фото: ҚР Үкіметі
Елімізде қызылшамен ауырғандар саны әлі де тиылмай тұр. Бұл мәселе кеше жылдың бірінші Үкімет отырысында қаралды. Прембер-Министр Әлихан Смайылов елдегі санитарлық эпидемиологиялық жағдайдың көңіл көншітпейтінін айтып, тиістші шараларды қабылдауды тапсырды.
Мониторинг қорытындысы бойынша өткен жылы ең қауіпті инфекциялармен ауырған науқастар тіркелмеген.- Тек өткен жылдан бері елімізде қызылшамен ауырғандар саны айтарлықтай өсіп кетті. Олсоңғы 10 жылда болмаған көрсеткішке жетіпотыр. Олардың 80%-ға жуығы – 14 жасқа дейінгі балалар. Ауырғандардың көпшілігі – тиісті екпе алмағандар, – деді Үкімет басшысы.
Әлихан Асханұлы екпе алмаған науқастардың ауруы асқынып кету қаупі жоғары екенін айтты. Дегенмен ата-аналардың арасында балаларынаекпені әдейі салғызбай, бас тартып отырғандардың қатары аз емес, мұның соңы ауыр зардаптарға алыпкелуі мүмкін екенін жеткізіп, сала мамандарына прафилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу керек екенін баяндады. – Жағдайды тұрақтандырудың жалғыз жолы – екпе салу. Қызылшаға қарсы жаппайиммунизация жүргізу үшін қосымша 1,5 млндоза вакцина сатып алынды. Осы мақсаттар үшін Үкімет өткен жылдың қыркүйек айындарезервтен 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Алайда, көріп отырғанымыздай, кейбірөңірлерде қызылшаға қарсы иммунизацияменқамту деңгейі әлі де төмен», -деді Премьер-Министр.
Осыған байланысты Әлихан Смайыловқызылшаға қарсы вакциналау жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ басқа да профилактикалық екпелермен вакциналауды жандандырудытапсырды.
Сонымен қатар Үкімет отырысында жолқатынасы қиын және шалғайдағы ауылтұрғындарын вакциналау үшін жағдай жасаукеректігі тапсырылып, бұл жағдай өз ретімен шешілетін болды.
Дамир Сеилханов
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!