Фото: pixabay.com
Halyq Uni. Шетелден әкелінген 60 тонна қызанақтан вирус табылды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады.
Комитеттің хабарлауынша, өнім елге кіргізілмей, кері қайтарылған.
Өнімнің залалданған анықтау мақсатында шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан өткізілді. Нәтижесінде Түркіменстанға – 56,1 тонна, Өзбекстанға – 4,2 тонна қызанақ кері қайтарылды. Оған өнімнен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталғаны себеп болды, – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, жыл басынан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде талапқа сәйкес келмейтін 497,624 тонна өнім кері қайтарылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!