Келер жылы шетелдік вакциналар ақылы болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Ал QazVac пен «Спутник V» екпесі тегін негізде егіледі.

Министрдің айтуынша, қазір бұл мәселені фармациялық компаниялар пысықтап жатыр. Бас дәрігер қайта вакциналау үшін екпенің 1 ғана дозасы салынатынын айтты.

Елімізде ревакцинация қараша айының соңында басталады. Коронавирусқа қарсы толық курс аяқталғаннан кейін 6-9 айдан соң үшінші дозаны егу ұсынылады. Мысалы, «Спутник» вакцинасы егілген адамдар 9 ай өткенде вакцинаның басқа түрлерін салдыра алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!