Шымкентте 3 шілдеде 15 жастағы қыз жұмыс орнында тоқ соғып, көз жұмған. Кейін анасы қылмыстық іс қозғалғанымен, кінәлілердің әлі бостандыққа екенін мәлімдеген еді. Көп ұзамай қалалық полиция департаменті пиццерия басшысының қамауға ады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға полицияда Қылмыстық кодекстің 156-бабымен (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелген.
“Сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс аясында күдікті шетелдік азамат, нақтырақ айтқанда пәкістандық болғандықтан, тергеу амалдары біршама уақытты алды. Бүгін парсы тілінің аудармашы-маманының қатысуымен тергеушілер барлық қажетті процессуалдық іс-әрекеттерді жүргізді. Күдікті Пәкістан азаматы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – делінген хабарламада,
Сондай-ақ электр-техникалық сараптама нәтижелерін алғаннан кейін іс сотқа жолданады.
Айта кетейік, бұған дейін марқұмның анасы Бибіайша Құттыбаева полицияны әрекетсіздік танытты деп айыптап, күдіктінің жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін мәлімдеген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!