Фото: Otyrar
Шымкентте белгісіз препараттан әйел адамның аллергиясы ауыр дәрежеге жетіп кеткен, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar сайтына сілтеме жасап.
27 қарашада қаладағы №2 ауруханаға 54 жастағы әйел түскен. Әйел денсаулық жағдайына байланысты жансақтау бөліміне түскен.
Әйелдің бүкіл денесінде іріңді бөртпелер, безгегі, бас ауруы және жүрек айнуы байқалған. Оның сөзінше, бұл белгілердің пайда болғанына 5 күндей өткен.
«Әйел адам қытайлық дәрілер мен жақпаларды қолданған. Төртінші күні аллергия белгілері байқалған. Әйел ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Денесінің 90 пайызына зақым келген. Беті мен денесі ісіп кеткен», – дейді науқасты емдеп жүрген дәрігер.
Дәрігерлер реанимация бөлімінде екі апта бойы қарқынды ем жүргізді, қанды гемофильтрациямен тазартқан.
Нәтижесінде әйел адамның жағдайы жақсарып, терісі қалыпқа келген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!