көрнекі фотосурет / Stock Photo
Әдетте сібір жарасы төрт түліктен анықталатыны белгілі. Бұл жолы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы тұрғынының сібір жарасына шалдыққаны тіркеліп отыр.
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен мәлім еткеніндей, эпидемиологиялық тергеу барысында науқастың ірі қара малды союға қатысқаны анықталды.
Ветеринариялық қызметкерлермен бірлесіп санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар толық көлемде жүргізілді, эпизоотиялық ошақта дезинфекциялық іс-шараларатқарылып, ошақ оқшауланды.
«Бүгінгі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, диагностика және емдеухаттамасына сәйкес ем алуда. Барлық қарым-қатынаста болған адамдар күнделікті медициналық қызметкердің бақылауында болды. Қазіргі кезде сібір жарасының жаңа деректері тіркелген жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.
Сібір жарасы – өте қауіпті жұқпалы ауру, көбінесе терінің карбункул түрінде зақымдануымен сипатталады, қызба, интоксикациямен бірге жүреді. Адам сібір жарасынтек ауру жануарлардан жұқтырады. Өйткені науқас адам айналасындағылар үшін қауіпті емес. Сібір жарасының қоздырғышы адам ағзасына ең кішкентай жаралар, терідегісызаттар, тыныс алу жолдары және ауру жұқтырған, жеткіліксіз пісірілген ет арқылы енуімүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!