«Лайт» нұсқасын салған кезде бір ғана ине салады, соған сәйкес антиденелер қысқа мерзімде шығарылады
АЛМАТЫ, 5 сәуір – Sputnik. «Sputnik Лайт» вакцинасы COVID-19 инфекциясын жұқтыру қауіпін екі есе төмендетеді. Бұл туралы Гамалея ұлттық орталығының директоры Александр Гинцбург «Россия 1» телеарнасының эфирінде мәлімдеді.
Наурыздың соңында Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының «жеңіл нұсқасын» тіркеді. Оны да Гамалея орталығының мамандары Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен бірге адамның аденовирустық векторлары платформасында әзірледі. Қазір сынақтың үшінші кезеңі жалғасып жатыр.
«Егер «Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті болып табылатын «Лайт» вакцинасын екінші вакцинасыз бөлек қолданса, онда бұл инфекцияны жұқтыру қауіпін 50%-ке, тіпті 60%-ке төмендетуге мүмкіндік береді «, – деді Гинцбург.
«Лайт» нұсқасын салған кезде бір ғана ине салады, соған сәйкес антиденелер қысқа мерзімде шығарылады. Жобамен вакцинадан кейін иммунитет үш-төрт ай сақталады және оның тиімділігі 85%-ті құрайды.
Препарат ең алдымен коронавирус ошағын тез жоюға және ауру жұқтырғандар көбейген кезде тұрғындар арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыруға арналған. «Спутник Лайт» салдырған адам үш айдан кейін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін салдыра алады, сол арқылы коронавирустан қорғаныс уақыты ұзарады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!