Қатерлі ісікке қарсы арнайы диета жоқ, бірақ кейбір тағамдар сүт безі қатерлі ісігінің қаупін азайтуға көмектеседі. Бұл туралы онколог әрі маммолог Виктор Федосейкин мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу үшін дәрігер өсімдік тағамдарына, талшық пен антиоксиданттарға бай өнімдерге басымдық беруді ұсынды. Оған көкөністер, жемістер, жидектер, бұршақ дақылдары, қатты бидайдан жасалған макарондар, кебек нан жатады.

Оған қоса Виктор Федосейкин фастфуд, жартылай фабрикаттар, өңделген ет өнімдері (шұжық, хот-дог, транс майлар) мөлшерін азайтуды ұсынды.

Еске салайық, бұған дейін дәрігерлер сүт безі қатерлі ісігінің белгілерін атады:

  • Омыраудан сұйықтық ағуы;
  • Омыраудан қан аралас сұйықтық ағуы;
  • Омырау қышуы;
  • Омырау сезімтал болып, ісіп кетуі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!