“ВОДЯНКА” ДЕГЕН НЕ?

«Бір баласы бардың – шығар-шықпас  жаны бар, екі баласы бардың – өкпе, бауыр, жалы бар, үш баласы бардың Бұқарада бұты бар, Хорасанда қолы бар» деп халқымыз ұрпақтың өсіп-өнуіне, көбейіп-өрбуіне ден қойған. Шаңырақ көтерген жастардан сүйінші хабар күтеді. Алайда кейбір жұптардың бала сүйе алмауына, ерінің бала күнінде су шеменімен ауырғаны себеп болуы мүмкін. Себебі нәрестеде туа бітті пайда болатын водянка яғни гидроцеле су шемені дерті туралы жиі естісек те, оның себеп салдарына мән бере бермейміз. Гидроцеле қазақша айтқанда су шемені аталық безбен ұрық бауының қабығына судың жиналуы. Гидроцеле гректің Hydrocele сөзінен аударғанда су және жарық деген мағынаны білдіреді. Қабаттардың арасына сарысулы сұйықтықтың жиналуы себебінен туындайтын аталық без шемені. Бұл жаңа туған сәбилерде жиі кездеседі.  Сәбидің ананың құрсағында дамуы кезінде аталық бездер ұрықтың іш қуысынан түтік арқылы ұмаға түседі. Осы түтік жабылмаса, гидроцеле пайда болады. Ол арқылы сұйықтық іш қуысынан ұмаға ағады. Бұл оның ісінуіне апарады. Көбінесе бұл ауру туғаннан кейін бірнеше айдан кейін білінеді. Кейде ауру шаптың жарығымен қоса пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ аталық бездің маңында қалыпты сұйықтықтың жиналуы, ағзада сұйықтықтың іркілуінен де болады.

ДӘРІГЕР НЕ ДЕЙДІ?

Аурудың негізгі белгілері аталық бездердің ауырсынбай ісінуі, олар сулы шар секілді көрінеді. Гидроцеле біржақты немесе екіжақты да болады.   Бір жастан асқан баланы хирург немесе уролог дәрігерге қарату қажет. Дәрігер медициналық тексеру жүргізгенде, ісінген, бірақ басқанда ауырмайтын ұманы байқайды. Көпшілік жағдайда сұйықтық жиналуына байланысты дәрігердің аталық безді басып байқауына мүмкіндік болмайды. Ұманың сұйықтыққа толы өлшемі ішті немесе ұманы басқанда үлкейіп, азаюы ықтимал.  Егер осы кезде ұманың өлшемі өзгеретін болса, бұл шаптың жарығы болуы мүмкін. Су жиналғанын ісінген аумаққа фонарьдың жарығын түсіріп жеңіл анықтауға болады. Егер ұма мөлдір сұйықтыққа толы болса, ол жарықты өткізеді. Аурудың диагнозын нақтылау үшін ультра дыбыстық зерттеу (УЗИ) жасау қажет болуы мүмкін.

− Балада туа біті болатын паталогия. Ұрықтық даму кезінде аталық безі ішкі қуыс арқылы жоғарыдан төмен түседі. Жұмыртқа жүрген жол түспей қалған соң, ол жерге су жиналады. Көп жағдайда бір жасқа дейін өздігінен бітеліп кетеді. Бітелмесе, есепке алынып, операция жасалады. Балаларға ең көп жасалатын ота.  Көпшілік жағдайда гидроцеле қауіпсіз. Ол тек инфекция қосарланса немесе жайсыздық пайда болса ғана емделеді. Шаптың жарығы кезіндегі гидроцелені тезірек оперативтік жолмен емдеу қажет. Егер ауру бірнеше айдан кейін өтпесе, хирургиялық емдеу қажет болуы мүмкін.  Мәселені жою үшін гидроцелеэктомия (ұманың қабықшасын алып тастау) атты ота жасалады. Дренаж жасау тиімсіз, себебі, сұйықтық қайтадан жиналады, − дейді облыстық балалар ауруханасының уролог дәрігері Әлімжан Шағымбекұлы. Балаңызда ауру белгілері болса, дәрігерге көріну қажет. Бұл аталық бездердің ісінуін туындататын басқа аурулардың алдын алады. Ұмадағы немесе аталық бездегі ауырсыну шұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Егер балаңызда ауырсыну болса және ұманың өлшемі ұлғайса, аталық безді жоғалтуды болдырмас үшін, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.

АУЫРСА АНА, ЗИЯН ШЕГЕР БАЛА

Аталық бездің тамшысын емдеу қажеттілігі баланың ауру себебіне тікелей байланысты. Жалпы гидроцелдің дамуына әсер ететін факторларды патология түріне байланысты екі үлкен топқа бөледі. Туа біткен гидроцеле жүктілік кезінде анасындағы түрлі жұқпалы аурулардың салдарынан болуы мүмкін. Қала тұрғыны Айнұр, жүкітілік кезінде тұмаумен ауырғанын, салдарынан баласының су шеменіне шалдыққанын айтты. Баланың сырқатын дер кезінде аңғарып дәрігерге қаралған.  «Нәрестенің жыныс мүшесін тексеру ата-ананың ойына келмейді ғой. Ойын баласы бір күні үйге жылап келді. Қарасақ оң жақ ұрықшасы ісіп кетіпті. Дереу жедел-жәрдем шақырып дәрігерге жеттік. Ота жасап алып тастады. Бұл ауру труалы сол кезде білдім», − дейді ол.  Расымен көптеген аналар туу жарақаты, нәрестенің мерзімінен бұрын босануы, даму аномалиялары балаға аса қауіпті емес деп ойлайды. Дегенмен  іш қабырғасының туа біткен ақаулары, урогенитальды сфера мен жамбас мүшелерінің ақаулары аталмыш ауруды тудыруы мүмкін.

ҰЛЫМ ҰРПАҚТЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ

Аурудың алдын алуға болады. Ол үшін бала сүюді жоспарлаған ана жүктілікке дейін денсаулығын тексеріп, емделгені дұрыс. Себебі жүктілікті жоспарлау және басқару кезеңінде болашақ ана денсаулығын мұқият бақылап, жұқпалы және қабыну ауруларын уақытында жояды. Жаңа туған нәрестеде бір немесе екі ұрықтың тамшысының дамуын болдырмау үшін нәрестенің жыныс мүшелерін үнемі тексеріп отыру және оларға дұрыс күтім жасау қажет.  Гипотермия мен қызанақтың қызып кетуін болдырмау, балаларға инфекциядан сақтану үшін жеке гигиена ережелерін үйрету, нәрестелерде семіздіктің дамуына жол бермеу керек. Баланың дені сау, тиісті физикалық белсенді болуын бақылауға алған жөн. Гидроцелдің туа біткен түрімен бала толық қалпына келгенше немесе операцияға дейін урологтың, хирургтың тұрақты бақылауында болуы керек. Аталық бездің түсуі − ерлер бедеулігін тудыруы мүмкін аурудың бірі.

Шаңырақты нұрға бөлеп, ерлі-зайыптылардың арасындағы сүйіспеншілік пен махаббаттың беки түсуіне себеп болатын бірден-бір дәнекер – бала. Сондықтан халқымыз ұрпақтың өркен жайып, өсіп-өнуіне ерекше мән берген.  Жас жұбайларға «көген көздерің оншақты болсын, көгендерің бұршақты болсын» деп бата беруі де тегін емес. Ұлттың болашағы дені сау ана мен балаға тәуелді.  Аналар ауырмасын, балалар көбейсін!

Гүлбану МАҚАЖАН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!