Фото: depositphotos.com

ЖРВИ инфекциясын жұқтырғанда тауық сорпасы көмектесетіні туралы пікір – аңыз. Бұл туралы практика дәрігері Александр Мясников айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Россия 1» телеарнасына сілтеме жасап.

Ол ХХ ғасырдың 70-жылдарында тауық сорпасының әсері вирусқа қарсы препараттармен салыстырылғанына назар аударды.

«Ол жылдары вирусқа қарсы заттар мүлдем жұмыс істемеді», – деді ол.

Ол сорпа суық тиюді емдемейтінін, жай ғана ауруға оңай төзуге көмектесетінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін тұмау мен суық тигенде емделудің оңай жолы хабарланған болатын.

Желтоқсанда тұмау мен суық тию көбейеді. Ыстық көтеріліп, маза кетеді. Ыстықты түсіріп, тұмауды емдеудің оңай жолы, мамандардың айтуынша, үсті-басты ашып тастап, шешініп жату.

Одан да жақсысы – шешініп тастап, суытқыштың (вентилятордың) алдында отыру. Көрпе жамылып, ыстық күйде оранып жатудың орнына суықты пайдаланған тиімдірек. Дискомфортты жеңілдетуге, ыстықты тез түсіруге болады. Ал оранып жатқаннан маза қашады.

Ал мұрын бітелсе, спрей себе бергеннен гөрі бу ингаляциясын жасаған абзал көрінеді. Ыстық ауа мұрыннан су ағу мен шырышты тоқтатып, қақырықты сұйылтуға көмектеседі. Тамақтағы қақырықты түсіреді.

Ауырған адам терлегіш келетіндіктен, көбірек су ішуге, қант пен тұз жеуге тырысқаны абзал. Қант энергия береді, су ағзадағы инфекцияны шайып шығарады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!