Сыр дәрігерлерi шетелде кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілік арттыру бағдарламасы бойынша Мәскеу қаласында бiлiм жетілдірiп келді. Аймағымыздан барған 8 дәрігер хирургия, эндоскопия, неврология, кардиохирургия, анестезиология-реаниматология, неонаталды хирургия және балалар ортопедиясы бойынша бiлiктiлiк арттырды.

Мамандар Ресейдің жетекші клиникалық академиялық базалары мен №24 қалалық клиникалық ауруханасы, Ресей ми және нейротехнология федералды орталығы, Е.Н.Мешалкин атындағы ҒМЗО, Ресей балалар клиникалық ауруханасы, Н.И.Пирогов атындағы РҰМЗУ филиалы, Ф.Филатов атындағы балалар қалалық клиникалық ауруханасы, Жедел балалар хирургиясы және травматология ҒЗИ мамандарымен тәжірибе алмасты.

Қараша айының 4-інен бастап өңір дәрігерлерінің екінші легі Беларусь Респуликасына оқуға жіберіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!