ТАҒАЙЫНДАУ

 2022 жылдың 8 маусымынан бастап Үсенов Жалғасбек Тұрлыбекұлы Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды. 
 Жалғасбек Тұрлыбекұлы 1982 жылы 6 сәуірде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.  
 Жоғары білімді. 2005 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі» факультеті бойынша бітірген. 
 Еңбек жолын, 2005 жылы Алматы қаласы №2 медициналық жедел жәрдем стансасында фельдшер болып бастаған. 
 01.01.2007-26.02.2007 жылдары Алматы қаласы №2 медициналық жедел жәрдем стансасында дәрігер; 
 06.03.2007-05.01.2015 жылдары Қызылорда облыстық медицина орталығында  анестезиолог-реаниматолог дәрігер; 
 05.01.2015-04.04.2016 жылдары облыстық медицина орталығында дәрігер-рентгенолог; 
 08.04.2016-29.08.2016 жылдары амбулаториялық емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасында дәрігер-рентгенолог; 
 29.08.2016-26.05.2017 жылдары Сырдария аудандық ауруханасы бас дәрігерінің БМСК жөніндегі орынбасары м.у.а; 
 26.05.2017-25.09.2017 жылдары Сырдария аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары м.у.а; 
 25.09.2017-26.01.2018 жылдары Сырдария аудандық ауруханасының лаборатория-диагностика бөлімінің меңгерушісі, дәрігер рентгенолог; 
 30.01.2018-12.04.2018 жылдары №3 қалалық емханасында ұйымдастырушы; 
 12.04.2018-14.06.2021 жылдары №3 қалалық емханасы бас дәрігерінің пациенттерді қолдау және ішкі бақылау жөніндегі орынбасары;
 14.06.2021жылдан күні бүгінге дейін Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!