Еліміздегі айшықты мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күні аймағымызда 44 сәби дүниеге келді.
Тәулік ішінде дүниеге келгендердің 24-i қыз бала болса, 20-сы ұл бала. Оның ішінде бiреуi – егiз нәрестелер.
Қазіргі таңда барлық сәбилер мен аналарының жағдайлары дәрігерлердің жіті бақылауында.
Мереке күні дүниеге келген балалардың болашақта еліміздің мақтанышына айналар ұл-қыздары болып өсулеріне тілектеспіз!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!