Елімізде коронавирус инфекциясының жаңа штамы таралып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, 35 адам стационарда ем қабылдауда.
Соңғы зерттеу деректері бойынша Қазақстанға «Эрис» деп аталатын «Омикрон» штамы келді. Қазір барлық ел мен аймақта «Омикронның» жаңа штамдары тіркеліп жатыр. Сыртқы ортада коронавирус айналымы кезінде мутациялар пайда болады, ай сайын ДДҰ әлемде көптеген түрлі штамды тіркейді, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол қырыққа жуық адамның стационар жағдайында емделіп жатқанына тоқталды.
Штамм қандай болса да, клиникалық көрініс біртіндеп өзгереді, ауру кезеңі қысқарады,орташа немесе жеңілге ауысады. Қазір тек 35 адам стационарлық емдеуде жатыр. Бұл қатар жүретін аурулары көп қарт адамдар, – деді Ажар Ғиният.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!