Талдықорған қалалық соты күтуші әйелдің үш жасар баланы өлтіруіне қатысты іс бойынша үкім шығарды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тергеу аясында баланың бірнеше рет соққыға жығылғаны алдын ала анықталған болатын.

Істің мән-жайын ашу мүмкін болмағандықтан, қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралған.

«Жеңілдететін мән-жайларды соның ішінде соттылығының жоқтығы, өкінетіні, ескере отырып, сот айыпталушыны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысында күтуші үш жасар баланы өлімші етіп сабап, өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз. Үш жасар сәби бір жасар інісімен бірге күтушінің үйінде тәулік бойы бақылауда болған. Сәби ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Дәрігерлер нәрестенің денесінен көптеген жарақаттарды тауып, ауыр бас-ми жарақаты деген диагноз қойды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!