Егіздер Жаратқанның ерекше тылсым жаратылысы екені рас.

Олар жайлы түрлі аңыздар да, әңгіме де жетерлік. Аңыздар мен көркем әдебиеттерде, жалпы әр дәуірде әр ұлттың санасында егіздер беймәлім дүниенің жаршысы іспетті болды. Әлемдегі сирек кездесетін таңғажайып құбылыс ретінде егіздер адам санасын біраз қызықтырып, аңыз-ертегілерге арқау болғаны шын. Ерте заманнан бері егіздерді болашақты болжайтын, табиғи және адам өмірінде болатын оқиғаларға әсер ете алатын тылсым күш иесі ретінде де қабылдаған. Өткен дәуірлердегі аңыздарға көз жүгіртсек, адамдардың егіздерден қорыққанын да аңғаруға болады. Көп аңыздарда егіздің бір сыңары жақсылықтың, ал екінші сыңары жамандықтың белгісі болған деседі. Олар өсу барысында бір-біріне әсер етуі мүмкін. Бірақ олардың мінездері, темпераменті, әдеттері бір-біріне емес, ата-аналарына ұқсайды деп айту жөн болар. Оларды жан-жақтағылар әрдайым бір-бірімен салыстыруды еш тоқтатпақ емес. Осылайша адамдар салыстыру арқылы жаман мен жақсыны айырғысы келеді. Алайда салыстыру дұрыс емес.

Қазіргі таңда егіздер жайындағы көптеген мифтердің ғылыми тұрғыдан еш сиқыры жоқ екенін біз білеміз. Дегенмен осы дамыған заманда да егіздер жайлы тылсым құбылысты естіп жүрміз. “Сырт келбетін бір-бірінен ажырату қиын егіздерді (бір ұрықты егіздер) екі жаққа бөлек жіберсе, бірінің денсаулығы нашарлағанын екіншісі сезеді” деп жатады. Бұл – ақиқат. Көптеген егіздердің өмірінде аталған жағдай кездескен. Бірақ бұл тылсым құбылыстың сырын аша алған бір де бір ғалым да, оқымысты да, дәрігер де жоқ. Туғанынан бастап екі бөлек жерде өмір сүрген егіздердің бойындағы түрлі қасиеттердің қашықтыққа қарамастан бірдей болатындығы да бар.

Екі немесе одан да көп бауырлар бір мезетте туған жағдайда, сәбилердің салмағы қалыпты екеуіне жағдайдан азырақ болады (ешқандай да ауру емес, уақыт өте қалпына келеді), олардың денсаулықтары ұқыпты күтімді қажет етеді. Аз салмақты болып туу себебі, ана құрсағында жатып бір ұрыққа тиесілі оттегі мен қорек заттарды екі немесе үш-төртеу болып бөліскендіктен екен.

Тағы бір қызық ақпарат, егіздердің өз тілі болады.  Егіздерді кейбір ғалымдар “экстрасенстер” деп те атайды. Себебі олар бір-бірін  қашықтықтан сезгендіктен. Бұл туралы ғалымдардың нақты деректері жоқ. Егіз туылған балалардың өздеріне ғана түсінікті тіл (диалект) пайда болады. Екеуі сол тілде кішкентай кездерінде сөйлеседі. Бұл жағдайды екі жастағы егіздердің әрекеттерінен байқауға болады. Өсе келе егіздер уақыттарының көп бөлігін бірге өткізетін болғандықтан,   мінезі мен әдеттері жақсы таныс. Бірақ, егіздердің араларында бір сиқырлы қарым-қатынастың барын айтып жатады. Олардың арасындағы бұл қатынасты психологиялық тілмен “эмпатия” деп айтуға болады. Маңызды деректер: Егіздердің 22%-ы – солақайлар, екі егіздің саусақ іздері әртүрлі болады.

Зерттеу нәтижесінде бір жұмыртқалы егіздердің ми белсенділігі сәйкесетіні анықталған, егіздердің бет-әлпеттері мен дене пішіндері 100 пайыз ұқсас болғанмен саусақ бедерлері мүлдем бөлек.

Ғазиза Ерланова

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!