Тамақпен бірге су ішу зиян ба? Диетолог Мария Агирре танымал мифті жоққа шығарды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның сөзінше, су асқазан сөлін сұйылтпайды.

«Асқазан тамақтың көлемі мен түріне байланысты оның өндірісін реттейді. Біз су ішсек те, ағза тиімді ас қорыту үшін оның секрециясын автоматты түрде реттейді», – деді ол.

Десе де дәрігер кімдер судың жағымсыз салдарын сезінуі мүмкін екенін айтты.

«Асқазаны ауыратын адамдар жағымсыз әсерді байқауы мүмкін. Бірақ мұның шын мәнінде зияны жоқ», – деді ол.

Сондай-ақ, маман тамақтану кезінде екі шыныдан артық су ішпеуге кеңес берді, әйтпесе адам тез тойғандай әсер алады екен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!