Таразда дәрігерлер бірнеше тігін инелерін жұтып қойған үш жасар баланың өмірін сақтап қалды деп хабарлады turkystan.kz.
Анасы киім сырғытпасы мен тігін инесін жұтып қойды деген шағыммен Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне жүгінген. Кішкентай науқасты бас дәрігердің орынбасарлары Сейдахмет Чинибеков пен Мәулім Кенжалы емдеді.
Ішке рентгенография түсіру кезінде сырғытпадан бөлек басқа, асқазанда екі тігін инесі табылды. Эзофагогастродуоденоскопия процедурасынан кейін инені асқазаннан алынып тастады.
«Науқас мамандардың бақылауымен ЖОМДБ хирургиялық бөлімшесінде қалдырылды. Нәтижесінде киім сырғытпасы өздігінен шықты. Іштің R-граммында іштің жоғарғы сатысында тағы екі ине және жамбас проекциясында бір ине бары анықталды. Эзофагогастродуоденоскопия қайта жасалып, асқазаннан ине алынып тасталды. Кейін колоноскопия көмегімен сигма тәрізді ішекке бекітілген ине де алынып тасталды», – деді жоғары санатты хирург-дәрігер Сейдахмет Байдуллаұлы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!