Түркістан облысында жекеменшік үйде газ-ауа қоспасы жарылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

8 қарашада Түркістандағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде табиғи газдың шығуына байланысты газ-ауа қоспасы жарылған. Оқиға салдарынан үй қираған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 1991 жылы туған ер адам мас күйінде үйде темекі тұтатқан. Салдарынан денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды», – делінген жазбада.

Оқиға орнында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен 11 адам мен 4 техника жұмыс істегені айтылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!