Фото: depositphotos.com
Вейп немесе электрон темекілерді пайдалану коллаген өндірісін азайтады, бұл терінің серпінділігін жоғалтуға және жасқа байланысты өзгерістердің ерте пайда болуына әкеп соқтырады. Бұл туралы ұлыбританиялық дерматолог Джастин Хекстолл туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Дәрігер қарапайым темекінің ерте қартаю мен әжімдердің пайда болуына әсер ететінін айтып, вейптің зияны одан артық болмаса, кем емесін ескертті.
Дерматологтың айтуынша, электрон темекідегі никотин қан тамырларын тарылтады және жұтылған кезде теріге қан ағымын азайтады. Қан ағымының нашарлауына байланысты жасушаларға оттегі мен маңызды қоректік заттар аз түседі. Бұл терінің сыртқы күйін нашарлатуы мүмкін.
Джастин Хекстолл никотин коллаген өндірісін төмендететінін айтты. Бұл адам ағзасындағы барлық дәнекер тіндердің — сүйектердің, сіңірлердің, шеміршектердің, байламдардың, тамырлардың, терінің беріктігі мен серпінділігін қамтамасыз ететін жіп тәрізді ақуыз.
Ағзаға коллаген жетіспесе, тері серпінділігін жоғалтады және әжімдерге бейім болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!