Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пошта, мемлекеттік қызмет көрсету, көлік және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұл заңға «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары бастамашылық етті. Жаңа заңға сәйкес, енді көппәтерлі үйлер мен ғимараттарда поштомат орнату заңмен реттеледі.  Ал абоненттік жәшіктерге қатысты талаптар өзгеріссіз қалады.

«Сәлемдемелерді QR-код немесе ПИН-код арқылы адресаттың келісімімен үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі қарастырылған. «Қазпошта» компаниясына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау құқығы берілді», – деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!