Түркістан облысы Сауран аймағында 15 жастағы жасөспірім кене шағып қаза тапты. Ол жәндік шаққаннан соң медициналық көмекке жүгінбей конго-қырым геморрагиялық қызбасына тап болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап.

Санитарлық дәрігерлер Сауран аймағының тұрғыны кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінбегенін хабарлады.

Дәрігерлердің дерегінше, қазір бұл ауруға 48 науқас күдіктенсе, тоғыз науқастан бұл диагноз расталған. Науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығы дәрігерлердің бақылауына алынған. Соңғы жұқтырғандар облыстың алты ауданы мен Түркістан қаласында анықталған. Мамандар үнемі улау жүргізілгенмен кенені толық жою мүмкін емес екенін алға тартты.

«Жыл басынан бері облыс бойынша медициналық ұйымдарға кене шағу дерегі бойынша 985 адам жүгінген. Өкінішке орай, науқастың дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеуінен 1 жасөспірім қолданылған медициналық шараларға қарамастан қайтыс болды», – деді Түркістан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!