Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.

Фото: pixabay

Түркістан облысында клиникаға келген науқас дәрігерге пышақ салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция мәліметіне сүйенсек, Сайрам ауданының Ақсукент кентінде жеке клиникада ультрадыбыстық кабинетке кезекте тұрған пациенттердің бірі жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ салған.

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – делінген ақпаратта.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!