Түркістан облысында бірнеше жыл бұрын ауыр қылмыс жасаған 19 жастағы жігіт үкім шығарылды. Өзі кәмелетке толмаған кезде ол мектеп оқушысын жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, оны өз-өзіне қол салуға жеткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылының сотында 19 жастағы жергілікті тұрғын сотталды. Жігіт бірнеше жыл бұрын қылмыс жасаған.
Сотталушы мектеп оқушысын алдап, онымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеп, оған үйленуге уәде берген. Содан кейін ол жәбірленушіден бейнежазба арқылы ақша бопсалаған.
Қыз ақшаны беруден бас тартқаннан кейін сотталушы порнографиялық кадрларды таратқан. Жәбірленуші осы жайттан соң өзіне қол салмақ болған.
«Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді», – деді Түркістан облысы сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.
Прокурор сотталушыға 7,5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жігіт кінәні толығымен мойындап, соңғы сөзінде жазасын жеңілдетуді сұрады. Сот жеңілдікпен қараудан бас тартты.
«Сотталушы екі жыл педагогикалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орта режимді атқарушы жүйе мекемелерінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енді», – деп мәлімдеді Серікбаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!