Фото: ашық дереккөзден
Қызылорда облысында туберкулез профилактикасының айлығы өтуде.
«Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен өтіп жатқан бұл науқан 24 наурызға дейін жалғасады. Ағымдағы жылдың 24 ақпанынан басталған бұл шара барысында өкпе ауруының алдын алуға арналған бірқатаріс-шарала рұйымдастырылады. Айлықты өткізудегі басты мақсат – халықты туберкулездертіненхабардарету, дер кезіндемедициналықкөмеккежүгінугешақыру, халықарасында, әсіресежастарарасындасалауаттыөмірсалтындәріптеу, қоғамназарын туберкулез мәселесіне аудару, Қазақстандағы туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін бүкіл қоғам күшін жұмылдыру болып табылады.
Облыс көлемінде 2023 жылы туберкулез ауруының 401 жаңа жағдайы есепке алынып, 2022 жылмен салыстырғанда 6 жағдайға төмендеді. Оның ішінде туберкулездің жұқпалы түрі 15%-ға азайды.
Туберкулез – жұқпалы ауру. Инфекцияның негізгі көзі – науқас адам. Көбінесе туберкулез ауа тамшылары арқылы таралады.
Негізгі белгілері: екі аптадан астам жөтел, дене қызуының көтерілуі, кеуденің шаншуы, ентігу, жүдеу, тәбеттің жоғалуы, түнде тершеңдік, әлсіздік, тез шаршау.
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аурудың алдын алу үшін келесі сақтық шараларын еске салады:
- – нәрестелергетуғаннан кейін 3-5 күн ішінде БЦЖ вакцинасын салу;
- – тәуекел тобындағы балаларға жыл сайынғы туберкулин диагностикасын ж.ргізу;
- – флюорографиялық тексеруден туақытылы өту;
- – рационалды және уақтылы тамақтану;
- – темекі шегуден және алкогольді асыра пайдаланудан бас тарту;
- – дұрыс еңбек режимін сақтау;
- – салауатты өмір салтын ұстану;
- – жеке бас гигиенасын сақтау.
Әлия Әбдіқайымова
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!