Фото: pixabay.com
Үндістанда Гуджарат штатында Чандипура вирусы қайта өршіді. Салдарынан 50 адам ауру жұқтырып, 16 науқас қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Штаттың денсаулық сақтау министрі Рашикеш Пател басқа штаттарда да ауру жұқтырған адамдардың тіркелгенін айтты.
“Басқа штаттан 3 жағдай тіркелді. Гуджарат штаты бойынша 50 адам инфекция жұқтырып, оның 16-сы қайтыс болды”, – деді министр.
2003 жылы Чандипура вирусын 329 бала жұқтырып, оның 183-і қайтыс болған еді. Бұл инфекция толық зерттелмеген.
Вирус 1965 жылы Үндістанның Махараштра штатындағы ауылда алғаш рет анықталғандықтан сол ауылдың атымен аталды. Жергілікті тұрғындар оның өршуін масалармен байланыстырады. Вирусты жұқтырған адамның қызуы көтеріліеді, басы ауырып, ұстамасы пайда болады. Науқас есінен танып, ең сорақысы, ол комаға түсіп немесе өліп кетуі мүмкін. Чандипура вирусының емі немесе вакцинасы жоқ. Онымен тек профилактикалық шаралар арқылы күресуге болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!