Фото: ru.freepik.com
Гастроэнтеролог Наталья Васильева алкоголь, трансмайлар және консерванттары бар өңделген ет ұйқы безі үшін қауіпті екенін айтты. Оның айтуынша, ұйқы безі ферменттерді өңдейді және қандағы глюкоза деңгейін реттейді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Life.ru-ге сілтеме жасап.
«Ұйқы безіне ең қауіпті өнім – алкоголь. Ол ұйқы безі жолдарының спазмын тудыруы мүмкін, бұл оның сөлінің бұзылуына және ондағы қабынудың, сондай-ақ тастардың пайда болуына әкеледі. Яғни панкреатит пайда болуы мүмкін», – деп түсіндірді дәрігер.
Дәрігер ұйқы безіне трансмайлар да зиянды әсер ететінін атап өтті. Олар ферменттердің көп мөлшерін шығаруды қажет етеді және ағзаға сіңбейді. Осыған байланысты ұйқы безінде қабыну пайда болуы мүмкін. Трансмайларға кейбір кондитерлік өнімдер, маргарин, чипси, балмұздақ және шыжып тұрған майға дайындалған тағамдар жатады.
Сонымен қатар ұйқы безіне шұжықтар, консервілер, қақталған ет, шошқа майы мен бекон нашар әсер етеді, деп қосты гастроэнтеролог. Осы өңделген етті дайындау барысында ісіктердің пайда болуына себеп болатын канцерогенді заттар түзіледі деп қорытындылады Васильева.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!