Фото: Istockphoto
Оңтүстік Кореяда ұйқысыздық дертіне шалдыққандар көбейген, былтыр олардың саны 800 мыңға жуықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Koreaherald басылымына сілтеме жасап.
Былтыр елде 782 381 адам инсомнияға ұшырап, ауруханаға жүгінген. Науқастар саны алдыңғы жылға қарағанда 3,4 пайызға (756 635 адам) өскен.
Соңғы онжылдықта Кореяда ұйқысынан айырылған адамдар саны 70 пайызға артып шыға келді. Мәселен, 2013 жылы олардың саны 448 000 болған. Егер ұйқысыздықтың кесірінен туындайтын ауруларды қосатын болсақ, науқастар саны тіпті артып кетеді.
Ұлттық медициналық сақтандыру қызметінің мәліметі бойынша, 2022 жылы ұйқысыздықтан туындаған аурулардан емделуге 1,09 миллион адам ауруханаларға келген. Ал бес жыл бұрын пациенттер саны 855 025 болып, олар 28,5 пайызға аз болған. Бұл дерт корей қоғамында тамыр жайып барады. Кореяның ChildFund коммерциялық емес ұйымы жасөспірімдер арасында сауалнама жүргізіп көрді. Нәтижесінде 10 140 бастауыш, орта, жоғары сынып оқушыларының орташа ұйқы ұзақтығы 2021 жылдың желтоқсанда айында сегіз сағат 14 минуттан жеті сағат 59 минутқа дейін қысқарған.
Оқушылардың шамамен 13 пайызы ұйқысыздықтан зардап шегіп жүргендерін хабарлаған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!