Ұйықтар алдында майлы тамақ жеу қыжыл және асқазанда ауыртпалық тудырады, деп жазады Aikyn.kz.
«Ұйықтар алдында майлы тамақ жеу әдеті – жай ғана жағымсыз әрекет емес, ол денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол асқазан, ұйқы безі және бауыр ауруларының дамуына ықпал етеді, ұйқыны бұзады және артық салмақ қосып алуға себепші болады», – деп келтірді Усееваның сөзін Рassion.
Маман ұйықтауға үш-төрт сағат қалғанда кешкі ас ішуге, соның ішінде көкөністер, балық немесе буға (немесе суға) пісірілген тауық жеуге кеңес берді. Сондай-ақ ол порция мөлшерін бақылау және көп тамақ жеп қоймау керегін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!