Фото: El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Ұлыбританияның министрлер кабинетінің бас ғылыми кеңесшісі Патрик Валланс пандемиядан қашып құтылу мүмкін еместігін алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, Британияның жаңа үкіметі соған дайындыққа кірісуі қажет.

Валланс қауіпті анықтайтын заманауи жүйені тездетіп ойлап табу керектігін алға тартты.

Валланс диагностикалық тестілеуге, вакциналарға тез арада қол жеткізудің маңызына тоқталды. Сол арқылы сұмдықтың алдын аламыз деп отыр. Ол пандемияға қарулы қақтығысқа дайындалған секілді аса жауапкершілікпен қарауды ұсынды.

Сарапшы әлем қазіргі уақытта пандемияға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмей отырғанын айтып, бұл мәселе G7 және G20 саммиттерінің күн тәртібінен алынып тасталса, онда әлем 2020 жылғыдай қасіретті бастан кешеді деп санайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!