«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 21 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысушылардың жұмысына өзгерістер енгізуді ұсынды. Оның ішінде «жасыл» мәртебесі бар азаматтар үшін үйлену тойын өткізуге рұқсат беру де бар, деп хабарлайды holanews.kz.

Тойды алдын ала тіркеу бойынша және барлық қызметкерлер вакцина алған мекемеде өткізу ұсынылды. Қонақтар санына да шектеу бар: 100 адамнан аспауы керек.

Ұлттық палата ішінара локдаун жариялау нәтижелі емес деп есептейді, өйткені кейбір мекемелер жасырын жұмыс істеп, көп адам жиналатын іс-шара өткізуді тоқтатпай отыр. Олардың мәліметінше, 46 000-нан астам карантин ережесін бұзу анықталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!