ҚазАқпарат – Италияда 50 жастан асқан тұрғындар вакциналан бас тартқан жағдайда €100 көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
Сонымен қатар 15 ақпаннан бастап 50 жастан асқан итальяндықтар жұмысқа кіру үшін «жасыл рұқсатнама» — вакцинация немесе аурудан сауыққандығы туралы куәлікті ұсынуы керек.
Австрияда 3 ақпаннан кейін ковидке қарсы міндетті вакцинация туралы заң қабылданады деп күтілуде. Осыдан кейін Австрия ЕО-да коронавирусқа қарсы вакцинация міндетті болатын алғашқы ел болады.
Заңның қолданылуы 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін есептелген. Қазіргі уақытта Австрияда 18 жастан асқан тұрғындардың 80% – дан астамы толығымен егілді.
Испанияда елге кіру үшін ковидті антигендік сынақтардың қолданылу мерзімі қысқартылды. Тек теріс тест нәтижелері жарамды деп саналады, олардың үлгісі елге келгенге дейін 24 сағат бұрын алынған, бірақ осы уақытқа дейін 48 сағаттан ерте брлмауы тиіс. Қазіргі уақытта 12 жастан асқан испандықтардың 90% – ы коронавирусқа қарсы толықтай вакцинацияланған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!