Денсаулық сақтау министрлігі белгілі бір санаттағы қызметкерлер коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 10 тамызға дейін, екіншісін 1 қыркүйекке дейін алу қажеттігін хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, жұмыс орындарында вакциналауға қатысты тексеріс 10 тамызда емес, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады.
Бұған дейін қызметкерлер екпенің бірінші компонентін 2021 жылдың 10 тамызына дейін, ал екіншісін 1 қыркүйекке дейін алуға тиіс екені хабарланды. Медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтар мен соңғы үш айда коронавируспен ауырғандар вакциналаудан босатылады.
Сонымен қатар вакциналанбаған қызметкерлер аптасына кемінде бір рет ПТР-тестілеуден өтуі керек (медициналық қарсы көрсетілімі барлар мен соңғы үш ай ішінде ауырған адамдарды қоспағанда).
Вакциналанбаған қызметкерге салынатын айыппұл мөлшері
Лауазымды тұлғаға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады – 43 775 теңге (шамамен 100 доллар);
- шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар субъектілері – 100 АЕК немесе 291 700 теңге (685доллар);
- орта бизнес – 200 АЕК немесе 583 400 теңге (1370 доллар);
- ірі бизнес – 500 АЕК немесе 1 458 500 теңге (3420 доллар).
10 тамызға дейін кімдер вакцина салдыруы керек:
- халыққа қызмет көрсету нысандары, оның ішіне мыналар кіреді:
- халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері,
- екінші деңгейлі банктер, қаржы нарығының нысандары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар,
- сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, киім жуу орындары,
- фитнес орталықтары, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар,
- типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, кеңсе техникасын жөндеу сервисі,
- нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызмет көрсету бойынша нысандар, өзге де нысандар;
- халық тұтынатын өнімдер мен тауарлардың көтерме және бөлшек сауда (сақтау) нысандары, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;
- мәдениет және демалыс нысандары: музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;
- халық тұратын қызмет көрсету саласындағы нысандар: қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалары;
- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, көлік және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;
- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдар;
- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы нысандар (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);
- қоғамдық тамақтану нысандары, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын нысандар, стрит-фудтар;
- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік нысандар (қарттар, мүгедектер үйі, сәбилер үйі және басқалары);
- денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;
- дәріхана ұйымдары;
- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандары (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);
- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;
- демалыс нысандарының, ойын-сауық ойын нысандары: компьютер клубтары, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар;
- байланыс және телекоммуникация нысандары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!