Мониторингтік топ кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға вакцинаның бірінші компонентін алып-алмағанын тексереді
Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында вакцинациялау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды.
Алгоритмді денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы әзірледі.
Вакцина салдырмаған қызметкерлер қалай анықталады
Енді мониторингтік топ рейд барысында кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып-алмағанын тексереді.
Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 60%-тен төмен кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады.
Мониторигтік топ рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электронды платформасында жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші объектіге тексеріспен шыққан мониторингтік топ мүшелеріне екпе алған және вакцинадан босатылғаны туралы құжаты бар қызметкерлердің (7 күннен аспайтын ПТР-тесті, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер немесе 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар) толық тізімін (аты-жөні, ЖСН) ұсынуы керек.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!