Коронавирусқа қарсы вакцинация адамды бедеулікке ұшыратпайды. Бұл туралы Роспотребнадзор мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Коронавирусқа қарсы ресейлік вакциналар ұрпаққа, ең алдымен зертханалық жануарларға әсерін бағалау үшін қажетті сынақтардан өтті. Жағымсыз салдары анықталған жоқ. Егер қазір жүкті болғыңыз келсе, COVID-19-ға қарсы вакцинадан кейін жүктіліктен сақтанудың қажеті жоқ «, – делінген хабарламада.
Сонымен бірге, мамандар COVID-19-ға қарсы вакциналардың ешқайсысы ДНҚ-ға әсер етпейтінін баса айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!