АҚШ-тың Колорадо штатында вакцина салдырған әйел лотереядан миллион доллар ұтып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салли Слайгер есімді жеңімпаз енді сол ақшаның бір бөлігін зейнетақы қорына құйып, қалғанын балаларға көмектесуге жұмсамақ екен. Айта кетейік, Америкада мұндай лотереялар тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға ынталандыру үшін ұйымдастырылып келеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Огайо штатында алдағы күндері коронавирусқа қарсы вакцина салдырған америкалықтарға 1 млн доллар берілуі мүмкін екенін жазған едік.
Огайо губернаторы Майк Деуайнның айтуынша, ақша ұтысы лотерея түрінде өтеді. Бірінші кезеңі 26 мамырда, ал кейінгі ұтыс ойындары бес апта бойы әр сәрсенбі сайын өткізіледі. Ақша ұту үшін қатысушылар 18 жастан асқан болуы, Огайо штатында тұруы және лотерея өткізілгенге дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның бір дозасын алуы шарт. Деуайнның сөзінше, бес жеңімпаз коронавирусқа байланысты көмек көрсету федералды қорынан 1 млн доллар ақша алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!