Денсаулық сақтау министрлігі кәсіп­орын­дардың вакцина салдыру процесі 1 қыр­күйектен бастап тексерілетінін мәлім­деді. Тиісті рейд жүргізу күздің басына бел­гіленген, алайда әзірге тексеру алго­ритмі жоқ.

– Жұмыс орындарында вакцина салдыр­маған қызметкерлердің болуы және кәсіп­кер­лерге сол үшін айыппұл салу мәселесі бойынша санэпидбақылау органдарының тексеру жүргізуіне құқықтық негіз болмауына қатысты Бас прокуратура жауап берді. Содан кейін Денсаулық сақ­тау министрлігі вакцина салдырған қызмет­керлерді тексеру туралы тармақты заңды ету үшін мониторинг топтардың жұмыс алгоритміне өзгеріс енгізді, – деп жазды «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Ербол Өстеміров Facebook парақшасында.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастықпен кездесуге ведомство өкілінің қатыс­қанын атап өтті. Кездесуде ДСМ өкілі 1 қыркүйектен бастап рейдтер жүргізілетінін растаған, бірақ тексеру механизмі  әзірленбеген. Министрлік әзірге мынадай алгоритмді қарастырып отыр: кәсіпкер вакцина салдырған қызметкерлердің тізімін жинап, жаңартып отырады, тексеру жағдайында бизнес нысан өкілі мониторинг топ мүшесіне аталған тізімді көрсетуге тиіс.

Заңнама тұрғысынан қызметкерді вакцина салдырмағаны үшін жұмыстан шеттету еңбек кодексінің нормаларына сәйкес келе ме, келмей ме тексеру керек. Алгоритмге келсек, тізімдерге жауап беретін кадр бөлімінің қызметкерлері жұмыс күнін аяқтаған кезде вакцина салдырған азаматтарды түнгі уақытта тексеруге қатысты сұрақ көп. Антидене деңгейі жоғары азаматтарды вакциналаудың қажеттігі бар ма, медициналық босату алған азаматтарда ПТР-тестілеу анықтамасы керек пе? Министрлік ұсыныстарды талқылауға, бизнеспен кездесуге дайын екенін білдірді, – деді Ұлттық палата өкілі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!