Фото: ашық дереккөзден

Жұқпалы ауруларға қарсы иммундаудан өтудің қажеттілігі өте маңызды. Өйткені ұжымдық иммунитеттің арқасында инфекциялардың эпидахуалы біршама тұрақтанды. Вакцинация – жұқпалы ауруларға қарсы ең тиімді жол. Кейінгі уақытта көпшілік арасында екпе туралы әңгіме жиі айтыла бастады. Ол көптеген жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында ертеден-ақ кең қолданылып келеді.

Вакцинация балалар мен ересектерді полиомиелит, қызамық, қызылша, көкжөтел, гепатит, сіреспе, туберкулез сияқты қауіпті аурулардан қорғауға көмектеседі. Оған басым көпшілік түсіністікпен қарайды.

Халықты екпе алмауға үгіттеу, еліміздің кейбір аймақтарында әлі де тіркелуде. Бірақ соңғы жылдары қоғамда егу мәселесіне теріс қарайтындар, тіпті оған қарсы пікір айтатындар пайда болды. Оның тиімділігін теріске шығарып, жас балаларын жұқпалы ауруларға қарсы екпеу салдарынан кей аймақтарда қауіпті инфекциялар бас көтеріп, сәбилер ауруға ұшырап, келеңсіз жағдайларға жеткізіп жатқаны өкінішті.

Мысалы, ТМД елдерінде 90 жылдары дифтерия сырқаты өршіген. Ал Қазақстанда дифтерия 1995 жылы тіркелді. Сол уақытта өршу жағдайы халықты вакциналау арқылы ғана тоқтатылды.

Қазіргі таңда екпе арқылы 20-дан аса жұқпалы аурулардың алдын алуға болады. Оның барлығы Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген және тегін.

Вакциналау – инфекциялық аурудың алдын алып қана қоймай, адам өмірін сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді жолы. Егер вакцина алсақ, біз өзімізді ғана емес, айналамыздағы адамдарды да қорғаймыз.

Елімізде балаларға жоспарлы профилактикалық егулер Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Барлық екпелер бюджет қаражаты есебінен тегін жасалады. Егу күнтізбеге сәйкес балаларға қандай да бір егулерді жүргізу үшін белгілі бір мерзімдер көзделген. Вакцинация уақыты туралы түпкілікті шешімді учаскелік дәрігер-педиатр қабылдайды.

  • Перзентханада сәбилерге 1-4 күндері туберкулезден (БЦЖ) және В гепатитінен егулер жасайды;
  • 2 айда балалар гепатитке, полиомиелитке, көкжөтелге, дифтерияға және сіреспеге (АКДС) және В типті гемофильді инфекцияға қарсы кешенді егуді, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны алады;
  • 3 айда көкжөтел, дифтерия және сіреспе (АКДС), полиомиелит және В типті гемофильді инфекциядан қайталап егулер жасайды.
  • Соңғы егулер бір жасқа дейін 4 айда гепатиттен, полиомиелиттен, В типті гемофильді инфекциядан және көкжөтелден, дифтериядан және сіреспеден вакцинациялаудың 3 кезеңі, сондай-ақ пневмококк инфекциясынан 2-ші егу;
  • 12-15 ай жасында – қызылшаға, қызамыққа және паротитке егілу керек. Полиомиелитке және пневмококкты инфекцияға қарсы вакцинациялауды қайталау керек;
  • 1,5 жаста – АКДС, полиомиелит және В типті гемофильді инфекция ревакцинациясы;
  • 6 жаста – (1 сыныпта) тағы да БЦЖ жасалады, қызылшадан, қызамықтан, паротиттен және АКДС егіледі;
  • 16 жаста – сіреспе мен дифтериядан (АДС-м) егу, оны одан әрі әр 10 жыл сайын қайталауға болады;

Вакцинацияның арқасында кейінгі жылдары аймақта дифтерия, көкжөтел, қызамық, полиомиелит, «В» типтегі мофильді инфекция, сіреспе сияқты аурулар тіркелмеді. Сонымен қатар эпидемиялық паратит және қызылша аурулары азайды.

Ұ.НҰРБАЕВА,
Эпидемиологиялық бақылау және қадағалау,
қызметті жоспарлау және
талдау бөлімінің жетекші маманы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!