Фото: freepik.com
Көп адам отырғанда өздері байқамай аяқтарын үнемі ырғақты қозғалтып отырады. Бұл тек өзгелерге оғаш көрінетін қимыл ғана емес, адамның ішкі ағзаларының сигналы болуы да мүмкін. Жалпы практика және гериатр дәрігері Елена Павлова бұл әдеттің денсаулықпен байланысын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Маманның айтуынша, бұл стресс пен нерв жүйесінің бұзылыстарынан болуы мүмкін.
Ең жиі кездесетін себеп – тынымсыз аяқ синдромы. Бұл кезде аяқта қышу, тітіркену немесе тыныш отырғанда ыңғайсыздық болады. Аяқты қозғауға деген қалауы көбіне кешке немесе түнде пайда болып, уақытша ғана жеңілдік береді.
Синдромға темірдің (ферритиннің) жетіспеушілігі, магний, B және D дәрумендері жетіспеу, бүйрек функциясының бұзылуы немесе жүктілік кезіндегі бала дамуы себеп болады. Кейде ол антидепрессанттар мен нейролептиктердің жанама әсерімен байланысты болады.
Аяқтың дірілі полинейропатия кезінде де жиі кездеседі. Мысалы, қант диабеті немесе алкоголизмге байланысты, сондай-ақ мазасыздық бұзылыстар кезінде пайда болатын гиперкинездерде де кездеседі.
Қан айналымы және қабыну факторлары
Созылмалы веналық жеткіліксіздік және варикоз аяқтың ауырлығын тудырып, үнемі қозғалысты ынталандыруы мүмкін. Мұндай белгілер ревматоидты артрит немесе фибромиалгия кезінде де болуы мүмкін.
Кейде аяқты қозғау – өз-өзін тыныштандырудың бір тәсілі, зеріктіретін немесе уайым тудыратын кезде пайда болады. Қозғалыс болмағанда, тығыз киім, суық, кешкі уақытта кофе мен энергетик сусындарын ішу бұл әрекетті күшейтеді.
Қалай әдет пен симптомды ажыратуға болады
Егер қозғалыс саналы, оңай басқарылатын, ұйқыға кедергі жасамаса және ыңғайсыздық тудырмаса – бұл әдет.
Егер ауырсыну, ашып, қызу немесе мазасыздық сезімі болса, белгілер кешке және түнде күшейсе, қозғалыс тыныштықта пайда болып, ұйқыны бұзса – неврологиялық бұзылыс болуы мүмкін.
Симптомдардың күшеюі, ұйқының жиі бұзылуы, аяқтағы ауырсыну, ұйып қалу, әлсіздік немесе ұйқы кезінде дірілдеу болған жағдайда дәрігерге бару керек.
Мұндай әрекетті арылуға тұрақты физикалық белсенділік, массаж, аяққа контрастты душ, кешкі кофеин мен алкоголден бас тарту және толыққанды ұйқы көбіне жеңілдетеді.
Аяқты үнемі қозғауды елемеу дұрыс емес. Кейде бұл тынымсыз аяқ синдромы немесе емделетін басқа бұзылыстардың белгісі. Ерте диагностика ұйқы мен өмір сапасын айтарлықтай жақсартады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!