ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы қаулыға қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтау қамтамасыз етілсін», – деп жазылған Қаулыда.

Аталған қосымша инфекциялық стационарларда стационарды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету керектігі айтылған.

«Таза» аймаққа мыналар жатады:

1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар;

2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс;

3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар;

4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар.

Ал «лас» аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерден басқа стационардың үй-жайлары жатады.

Қосымшада санитарлық өткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалану керектігі көрсетілген:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет.

«Бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс», -делінген құжатта.

Аталған аймақтарға қойылтаны басқа да талаптарды мына жерден көруге болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/340935?lang=kk

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!