Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері жаңа қаулы жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа қаулыда Ashyq жобасына қатыспайтын бұқаралық шараларға қатысуға тыйым салынды.
Елордалықтарға:
- Бұқаралық іс-шараларға;
- Марафондар, спорттық шараларға;
- Отбасылық, еске алу іс-шараларды қоса алғанда, оның ішінде үйде банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу шарасын өткізуге және оларға қатысуға;
- Митингілер, шерулер, жиындар және тағы басқа ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынды.
Ashyq жобасына қатыспайтын, қызметі жаңартылмаған немесе тыйым салынған нысандарға баруға шектеу сақталады.
«Боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарына, оның ішінде спорттық объектілерде орналасқандардан басқа, мұзды және роликті сырғанақтарға баруға шектеу қойылады”, – делінген бас санитардың қаулысында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!