Жаңа туған нәрестедегі анемия – бұл нәресте денесінде эритроциттер саны қалыпты жағдайдан төмен болған кезде туындайды. Ол бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін. Алайда бұл диагноз көптеген сәбиде кездеседі, ол аса емдеуді қажет етпейді. Сондай-ақ анемиямен ауыратын нәрестеде эритроциттер саны қалыптыдан төмен болады.

Жаңа туылған нәрестеде бірнеше себептер бойынша анемия дамуы мүмкін. Жоғарыда атап өткендей, баланың денесі жеткілікті мөлшерде қызыл қан жасушаларын шығармайды. Медициналық тілмен айтқанда жаңа туылған сәбиде анемияның болуы «физиологиялық анемия» деп аталады. Нәресте денесі өсіп, эритроциттердің түзілуіне уақыт жеткілікті болған сәтте бұл диагноздан айығуға болады.

Дененің қызыл қан жасушаларын тым тез бұзуы да анемияға әкеледі. Бұл мәселе ана мен баланың қан топтары сәйкес келмеген кезде жиі кездеседі. Оны «Rh/ABO сәйкессіздігі» деп атайды. Бұл нәрестеде әдетте терісінің сарғаюына (гипербилирубенемияға) әкелуі мүмкін. Ал кейбірінде инфекциялардан немесе генетикалық (тұқымқуалайтын) бұзылулардан туындауы мүмкін.

Сәби мерзімінен бұрын туылған нәрестелерде қызыл қан жасушаларының саны аз болады. Бұл қызыл қан жасушаларының өмір сүру ұзақтығы толыққанды нәрестелердің қызыл қан жасушаларымен салыстырғанда қысқа болады. Бұл шала туған нәрестелердің анемиясы деп аталады. Басқа себептерге ішкі қан кету және нәрестенің жатырда болған кезде сәби мен ана арасындағы қанның ауысуы жатады. Жаңа туылған нәрестедегі анемияның белгілері қандай? Анемиямен ауыратын нәрестеде ешқандай белгі болмайды. Симптомдар пайда болған кезде олар мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Терінің бозғылт болуы;
  • Энергияның төмен болуы;
  • Нашар тамақтандыру немесе тамақтандыру кезінде шаршау;
  • Демалу кезінде жүрек соғу жылдамдығының тез және жылдам тыныс алуы.

Анемиямен ауыратын сәби аса қатты емді қажет етпесе де, шала туылып немесе сырқаты бар болса, денедегі қызыл қан жасушаларының санын көбейту үшін қан құюды қажет етуі мүмкін. Ал қан құюды қажет етпейтіндері қызыл қан жасушаларын көбейтуге көмектесетін дәрі-дәрмектермен емделеді. Анемиямен ауыратын сәбилердің тамақтануы тексеріледі, себебі дұрыс диета нәрестеңіздің қызыл қан жасушаларының көбеюіне көмектеседі. Ал бұл енді дүние есігін ашқан шақалақ үшін маңызды.

Э.ИБРАЕВА,
Г.МАКАШЕВА,

Ана мен бала орталығының
неонатолог-дәрігерлері

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!