Диетолог, нутрициолог Софья Кованова жаңа жылдық дастарханда қай тағам түрлерін араластыруға болмайтынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aif.ru-ға сілтеме жасап. 

Кованованың айтуынша, оливье сияқты жаңа жылдық салаттар мен алкогольді қатар ішуге болмайды.

«Шарапты жеміс-жидекпен немесе көкөніс салатымен бірге ішкен дұрыс, не болмаса бөлек ішіп, арасына лимон қосылған бір стақан су ішуге болады. Есеп 1:1 болуы керек: бір бокал шампанға – бір стақан лимонды су», – деді диетолог.

Маман адам мұндай ауыр тағамдарды ұзақ уақыт жемесе, ас қорытуға көмектесетін ферменттерді қосқан жөн екенін айтты. Бұдан бөлек, тамақтану кезінде кемінде екі сағат үзіліс жасауға кеңес берді. Кованованың сөзінше, бұл тағамның жақсы қорытылып, дұрыс сіңуіне көмектеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!