Индонезияның Оңтүстік Суматра провинциясында жасөспірім тез дайындалатын кеспе үшін ағасын пышақтап өлтірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Straits Times басылымына сілтеме жасап.

15 жасар индонезиялық жігіn дүкеннен тіскебасарға кеспе сатып алған. Үйіне әкелген соң, ас үйде пияз бен шпинатты дайындай бастайды.

Оның 27 жастағы ағасы інісінің тек бір қорап кеспе алғанына ашуланып, оны бетінен ұрып жіберген. Осы сәтте інісі жауап ретінде оның асқазанына пышақ сұғып алған.

Туыстары жәбірленушіні дереу жақын маңдағы ауруханаға жеткізгенімен ол дүниеден өтті.

Полицейлер жасөспірімді ұстап, оның ағасына сұққан пышағын тәркілеген.

Бір қызығы жасөспірім артық қылығы жоқ тыныш бала болған. Шабуыл орын алған ауыл басшысының айтуынша, ағайындылардың арасында бұрын мүлде жанжал болмаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!