Жыл сайын дүние жүзінде жатыр мойны обырының (ЖМО) 600 000-нан астам жаңа жағдайлары анықталады, және 300 000-нан астам әйел осы аурудан қайтыс болады. Қазақстанда жылына жатыр мойны обырының 1900-ден астам жаңа жағдайы тіркеліп, жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады. Соңғы 20 жылда республикамызда жатыр мойны обырына шалдығу көрсеткіші 26 %-ға өсті.

Жатыр мойны обырының пайда болу себептері

 ​ЖМО – әлемдегі әйелдерде жиі кездесетін төртінші қатерлі ісік түрі. Қазақстанда статистика одан да сорақы – ЖМО әйелдердегі қатерлі ісіктер құрылымында – сүт безі қатерлі ісігінен кейін екінші орында тұр.

 ​ЖМО пайда болуының негізгі себебі – АПВ инфекциясы. 

АПВ адамнан адамға жұқпаланған терімен, шырышты қабаттарымен және дене сұйықтықтарымен тікелей байланыс арқылы беріледі

Байланыс және күнделікті қолдану – қол алысу, сүю, терінің зақымдануы арқылы. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан сауналар, моншалар, спорт залдар, дәретханалар мен бассейндер сияқты қоғамдық орындарға барғанда абай болу керек.

Жыныстық қатынас – бұл жыныстық қатынас кезінде немесе жыныс мүшелеріне тиген кезде жұқтырылған аймақпен кез-келген байланыс болуы мүмкін. АПВ жағдайында, мүшеқаптар толық қорғауды қамтамасыз етпейді, өйткені олар жыныс мүшелерінің барлық терісін қамтымайды.

Туылған кезде тікелей жолмен – жұқтырған анадан балаға туу каналынан өту кезінде.

Өзін-өзі жұқтыру арқылы – АПВ тырнақ астында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін, яғни адам инфекцияны алып, өзіне жұқтыруы мүмкін.

Маңызды: АПВ қан мен сперматозоидтар арқылы берілмейді.

АПВ онкогенді түрлері патологиялық өзгерістерді тудыруы мүмкін, бұл 15-20 жылдан кейін жатыр мойны обырының дамуына әкеледі.

 ​ЖМО-ын ерте диагноз қойып, емдеуді дереу бастау арқылы емдеуге болады. Сондықтан Қазақстанда 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер үшін жеке скринингтік тексеру жүргізіледі.

 ​Әр төрт жыл сайын скринингтік топтағы әйелдер жатыр мойнындағы ықтимал қатерлі ісіктерді анықтау үшін ПАП-тест (Папаниколау жағындысы) тапсыруы керек.

 ​Скринингтерден басқа, 100-ден астам елде АПВ вакцинациясы түріндегі профилактикалық шаралар қолданылады. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Швеция және басқа елдердің тәжірибесі вакцинациядан кейін жатыр мойны обырының төмендеуін көрсетеді.

 ​Қазақстанда 2024 жылдың күзінде АПВ-ға қарсы ерікті вакцинациялауды бастау жоспарлануда. ҚазОРҒЗИ болжамы бойынша бұл болашақта ЖМО- шалдығуды 74,2%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!