Елімізде 2024 жылдың күзінен бастап жасөспірімдерді АПВ – адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау бойынша тренер – координаторы Замира Өтегенованың сөзінше жатыр мойны қатерлі ісігі жатыр мойнының эпителиінде пайда болады. Бұл еліміздегі әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінен кейін ең көп таралған онкология ауруы болып есептеледі. Бұл жолы вакцина 11 жастағы қыздарға салынады деп жоспарланып отыр. Дәл осы жастағы қыздардың психикасы әлдеқайда тұрақты болады. 

«Адам папиллома вирусы-бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгертуге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытуымен қауіпті. Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын – алудың бірден – бір әдісі-бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген. АПВ – ға қарсы вакцинация мектептерде немесе тіркелген мекен жайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін егіледі. Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін ата – аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. АПВ – ға қарсы алғашқы вакцина пайда болған 2006 жылдан бастап, бүкіл әлемде 100 миллионнан астам адам егілді, осы мақсатта вакцинаның 270 миллионнан астам дозасы пайдаланылады. Біз сіздердің назарыңызды сіздердің қыздарыңыз үшін адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау қажеттілігіне аударғымыз келеді», – дейді Замира Өтегенова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!