Балалар хирургы, травмотолог Мейіржан Құрманәлиев балаларды оқыс оқиғадан қалай қорғауға болатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Балалардың жарақат алуы да жасына қарай. Мектепке дейінгі жастағылары көбіне ересектер дұрыс қарамағандықтан жазым болып қалып жатса, оқушылар жағы ойнап жүріп, бірнәрсені ұстаймын деп жүріп жарақат алып жатады», – дейді Мейіржан Құрманәлиев.

Жарақат алатындардың көбі – оқушылар. Маманның айтуынша, аулада жүріп, ойын ойнап, спортпен айналысып жүріп алған жарақат бірінші орында тұр.

Балалардың жарақаттарының негізгі себептері:

  • Балаға қарамағаннан (45 %);
  • Бала байқамай жарақат алуы (25 пайыз);
  • Оқыс оқиға (2%);
  • Жол апаты мен басқа да себептер.

Осы тұста дәрігер ата-аналарға мынадай кеңес берді:

  • жол қауіпсіздігі туралы балалармен үнемі әңгімелесу керек;
  • шұғыл көмек қызметінің нөмірі ыңғайлы жерде жазулы тұрсын;
  • балаңызға қауіпсіздік ережесін түсіндіріңіз;
  • дәрі-дәрмекті баланың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз;
  • су маңында баланы қараусыз қалдырмаңыз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!