Диетолог, Астана Медицина Университеті жанындағы академик Е. Д. Даленов атындағы ғылыми зерттеу институты жетекші ғылыми қызметкері Жанна Нұрберген жазда қандай тағам жеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, жаз мезгілінде жеңіл тағамдар жеген абзал.

Жаз мезгілі температураның жоғары болуына байланысты біздің ағзамыз энергияны тез шығарып, тез жоғалтады. Ыстық болғандықтан организмнің температурасы да жоғары болады. Сол үшін ас мәзірімізде жеңіл тағамдар болғаны дұрыс. Ауыр тағамдар ағзамызға ауырлық туғызуы мүмкін. Қыста майды, етті көбірек жеуді ұсынсақ, жазда жеңіл тағамдарды жеу қажет, – деп атап өтті диетолог.

Десе де, жеңіл тағам болғанымен, оның пайдалы болғаны аса маңызды.

Күнделікті рационда міндетті түрде ақуыздар, майлар, көмірсулар болуы қажет. Көмірсулар: ол – көкөністер, жеміс-жидектер, көк шөптер асқазанның моторикасын жақсартады. Сондай-ақ жеңіл ақуызды жеу – денсаулыққа пайдалы. Ауыр ақуыздар – жануартектес тағамдар, ал жеңіл тағамдар – өсімдіктектес ақуыздар. Олар: бұршақтар, дәнді дақылдар, теңіз өнімдері, балық – ағзаға жеңіл, – деп түсіндірді нутрициолог.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!