Желіде Алматыдағы №4 перзентхананың қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін бір күн өткен соң қайтыс болғаны айтылған видео тарады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Видеода әйелдің кеше вакцина салдырғаны, оның түнімен қалтырап шыққаны айтылады. Жақындары сорпа бергенімен, жағдайы жақсармаған. Таңертең алтыда туысы оятқан, алайда ол оянбаған. Олар оны ұйықтап жатыр деп ойлайды. Біраз уақыттан кейін қайтадан оятуға тырысқан, сол уақытта оның қайтыс болғанын көрген.


Марқұмның үйінің алдында полицияның көлігі тұр, видеоны түсірген адам жедел жәрдем келіп, әйелдің денесін алып кететінін жеткізеді.

Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілінен осы жағдайға қатысты түсініктеме беруді сұрады. Ол арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

Sputnik.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!