Ол былтыр денсаулығы сыр беріп, шетелде ем алып келген болатын. 

Фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

Белгілі ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман «Таңшолпан» бағдарламасында қазіргі денсаулығы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақын былтыр денсаулығы сыр беріп, шетелде ем алып келген болатын. 

Көп ем-дом алдым. Бірақ нәтиже шықпады. Бір жылдан асып кетті. Осы Алматыда, Астанада емделдім. Швейцарияға барып емделдім. Бірақ нақты нәтиже болмай тұр. Қазір 70-тің үстіне шықтым. Сырқат ауыр боп тұр. Финишке таяп қалды. Бұрын көп жазатынмын. Қазір жазуды да қойдым. Жазуға да сау адамның көңіл-күйі керек. Ол болмағаннан кейін қиын, – дейді Жүрсін Ерман.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек қызы ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр бергенін айтқан. Себебі, Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылады. Сонымен қатар ақын өзінің Еуропаға емделуге кететіні жайлы ақпаратты да растаған болатын.

Кейінірек Жүрсін Ерман Женева қаласынан оқырмандарына сурет жолдады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!